Төркініне кеткен әйелін қорқытқан ер адамды полицей суицидтен құтқарды
Төркініне кеткен әйелін қорқытқан ер адамды полицей суицидтен құтқарды
Фото: polisia.kz
Павлодар облысында полицей ер адамды суицидтен құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің жазуынша, 16 қаңтарда сағат 21:35 шамасында күйеуін уайымдаған әйел учаскелік инспектор Қуаныш Алиновтың телефонына қоңырау шалған. Күйеуі әйеліне «егер балаларымен бірге үйге оралмаса, суицид жасаймын» деп қорқытқан. Полиция қазіргі уақытта әйел балаларымен бірге көрші ауылда ата-анасымен бірге тұратынын анықтады. «Қаңтар айынан бастап балаларыммен ата-анаммен бірге тұрамын. Біраз уақыт бұрын жұбайым телефоныма қоңырау шалды. Әңгіме барысында ол егер мен бір сағат ішінде балаларыммен үйге оралмасам, ол өз өміріммен қоштасатынын айтып, қорқытты. Ол біз тұрған ескі үйде болуы мүмкін», – деді әйел. Полиция қызметкері Қуаныш Алинов шұғыл көрсетілген мекенжайға барды. «Мен үйге келгенде айналасы қараңғы, аулада ит жүгіріп жүрді. Жоспарды тез ойластырып, іс-әрекетке кірістім. Пәтердің есігі ішінен құлыптаулы болды. Бүкіл ауланы қарап шыққаннан кейін мен қолшамды қосып, үйдің барлық терезелерін қарай бастадым. Олардың бірінде мен арқанға асылып тұрған адамды көрдім. Уақытты жоғалтпастан, көлікке қарай жүгірдім. Монтировканы алып, әйнекті сындырып, үйге кірдім. Ер адамды арқаннан шешіп алып, бірден оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жидырып, жедел жәрдем шақырдым», – деді Қуаныш Алинов. Учаскелік инспектор ер адамға медициналық көмек көрсеткен соң туыстары келгенге дейін онымен әңгімелесті. Ер адамды туыстарына тапсырды.