Ақтөбеде инсульт алған ауылдық тұрғындарға тегін консультация берілмек
Ақтөбеде инсульт алған ауылдық тұрғындарға тегін консультация берілмек
379
оқылды
«Ақтөбе қаласындағы Медициналық орталық күндері» басталды. Тур аясында ҚР Президентінің Іс Басқармасының медициналық орталығының білікті дәрігерлері хирургия, терапия, аллергология, аритмология, геномық диагностика, иммунология, нейрохирургия және т.б. көптеген салалар бойынша тұрғындарға көмек көрсетеді. Шараның алғашқы күні нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев нейрохирургиялық бейіндегі аурулары бар 30 науқасқа консультациялық қабылдау жүргізді. Оның 7,2% ауылдық жерлердің тұрғындары. Сондай-ақ, 4-5 күн бұрын инсульт алған 55 жасар пациентке бас минының ішіндегі омыртқа артериясының тарылуына байланысты стенд қою операциясын жасады. Осы тектес опреациялар шара аясында 2 күн қатарынан жүргізілмек. Жалпы өткізілетін операциялардың саны 10-ға жуық. Оған қоса, шұғыл келіп түскен науқастарға да операция жасауы мүмкін. Турдың ғылыми бөлімінде танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев «Церебральды аневризманы емдеу» тақырыбында баяндама оқиды деп күтілуде. Дәрігер өз баяндамасында Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның Нейрохирургия орталығының соңғы жеті жылдық тәжірибесіндегі ми қантамырлары аневризмасының жарылуының алдын алу, оны емдеуде енгізілген түрлі әдістері туралы айтады. «Ақтөбе қаласындағы Медициналық Орталық күндері» шарасында ҚР ПІБ Медициналық Орталығы Ауруханасы дәрігерлері медицинаның басқа да бағыттары бойынша тәжірибе алмасып, Президенттік клиниканың көптеген қызметтерімен таныстырады.