Теңіз вахталық кентінде жұмысшы көз жұмды
Теңіз вахталық кентінде жұмысшы көз жұмды
Фото: azh.kz
440
оқылды
Компанияның мәліметінше, жанжал соңы ұрыс-керіске ұласқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Ақжайық» басылымының жазуынша, оқиға қаңтардың 16-сынан 17-сіне қараған түні Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентінде болған. «ТШО» ЖШС баспасөз қызметі растағандай, «Bonatti» компаниясының екі қызметкері арасында жанжал шыққан. Салдарынан 41 жастағы ер адам пышақ жарақатынан сол жерде көз жұмған. 50 жастағы күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.