Мерзімді қызметтегі сарбаз парашютпен секіру кезінде қаза тапты
Мерзімді қызметтегі сарбаз парашютпен секіру кезінде қаза тапты
18 қаңтар күні Астана қаласының маңында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
«Ол әскер қатарына 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан шақырылған. Командирлері мен қызметтестері арасында зор беделге ие болған еді. Бауырмал, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын. Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазаға ортақтасып, қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады» делінген ресми хабарламада.
Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында тексеріс басталды.