Украина Ішкі істер министрлігінің басшысы мен оның орынбасары тікұшақ апатынан қаза тапты

украина
Фото: bbc.com

Украина Ішкі істер министрлігінің басшысы Денис Монастырский мен оның бірінші орынбасары тікұшақ апатынан қаза тапты.

Украинаның Бровары қаласында таңертең балабақша маңында тікұшақ апатқа ұшырады.

Украина телеграм-арналары ұлттық полиция жетекшісі Игорь Клеменкоға сүйене отырып, тікұшақта ішкі істер министрін есептегенде барлығы 9 адам болғанын хабарлады. Украина ішкі істер министрі Денис Монастырский мен бірінші орынбасары Евгений Енин қаза болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, тікұшақ апатынан 18 адам қаза тапты, оның 3-і бала. 26 адам зардап шекті.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.