Украина Ішкі істер министрлігінің басшысы мен оның орынбасары тікұшақ апатынан қаза тапты

Украина Ішкі істер министрлігінің басшысы мен оның орынбасары тікұшақ апатынан қаза тапты

Украина Ішкі істер министрлігінің басшысы Денис Монастырский мен оның бірінші орынбасары тікұшақ апатынан қаза тапты. Украинаның Бровары қаласында таңертең балабақша маңында тікұшақ апатқа ұшырады. Украина телеграм-арналары ұлттық полиция жетекшісі Игорь Клеменкоға сүйене отырып, тікұшақта ішкі істер министрін есептегенде барлығы 9 адам болғанын хабарлады. Украина ішкі істер министрі Денис Монастырский мен бірінші орынбасары Евгений Енин қаза болған. Соңғы мәліметтер бойынша, тікұшақ апатынан 18 адам қаза тапты, оның 3-і бала. 26 адам зардап шекті.