Оралда із-түзсіз жоғалған 39 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
Оралда із-түзсіз жоғалған 39 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
1,142
оқылды
Оралда із-түзсіз кеткен 39 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ерлан Сариев Орал қаласындағы Ғ. Құрманғалиев көшесі, 1/3-үйде тіркелген. Ресейде тұратын анасының сөзіне қарағанда, баласымен желтоқсан айында хабар үзілген. Ұялы телефоны ажыратылған. Сол себепті, анасы 8 қаңтар күні полицияға жүгініп, іздеу салды. «Белгілері – азиат пішіндес, бойы шамамен 170-175 см, шашы қысқа қиылған. Е. Сариевті көрген-білген жандар болса, Орал қаласы Гагарин көшесі, 2/5-мекенжайында орналасқан қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне немесе 8 (7112) 92-17-26, 8-708-767-13-76 телефондарына хабарласу сұралады», – деп хабарлады ведомство.