"Қазақстандықтар зейнетақы жинағының 50%-ын ала алады": БЖЗҚ хабарламаға ресми түрде жауап берді
"Қазақстандықтар зейнетақы жинағының 50%-ын ала алады": БЖЗҚ хабарламаға ресми түрде жауап берді
Фото: yandex.kz
474
оқылды
Әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы жинақтарының 50%-ын алуға болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайты хабарлайды. «Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануы: егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе көзделген. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс», - делінген хабарламада. Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50%-ын алу мүмкіндігі туралы «жалған» хабарламаларды елемеуге кеңес береді.