Ислам әлемінің кітапханасы ашылды
Ислам әлемінің кітапханасы ашылды
20 ақпан күні Түркияның Анкара қаласында ислам әлемінің ең үлкен кітапханасы ашылды. Кітапхана Түркия президенті Режеп Ердоғанның бастамасымен салынған. Ғимарат Селжүк, Осман және заманауи сәулет өнерінің стилінде тұрғызылған. Кітапхана тәулік бойы, де­малыссыз жұмыс істейді. Бір уақытта 5 мыңға жуық оқыр­­манға қызмет көрсететін мүм­­кіндігі бар. Кітап қорының көлемі – 4 млн баспа, 120 млн астам электрондық файл бар. Жабдықталу деңгейі бо­йын­ша кітапхана әлемдегі ең үздіктің бірі саналған. Құры­лыстың ма­ңыздылығын прези­дент са­райына жақын орна­лас­қа­ны­нан аңғаруға болады.   Мадияр ТӨЛЕУ