Төрт жасар есепші бала Түркістанда тұрады
Төрт жасар есепші бала Түркістанда тұрады
576
оқылды
Әлеуметтік желіде өзінің есепке деген зеректігімен танылған төрт жасар Ислам Қанатбекұлы Түркістан облысының Шардара ауданына қарасты Егізқұм елді мекенінде тұрады. Ислам – үйдің кенжесі. Өжет балақайдың ерекше қабілетін байқаған көрші-қолаң, жанында бірге ойнап жүрген достары мына бейнетаспаны қызық көріп түсіріп алған көрінеді. Тілі 3 жасында кеш шықса да, өз қатарластарын басып озған Исламды ауылдастары: «Есеп шығаратын Ислам» деп атап кеткен. Оның өзінен де аты-жөнін сұрасаң, дәл осылай жауап қатады. Шындығында, Ислам есеп шығарудан алдына жан салмайды.