Кәсіпкерден қымбат көлігін тартып алмақ болған топ ұстады
Кәсіпкерден қымбат көлігін тартып алмақ болған топ ұстады
328
оқылды
Алматы облысының полицейлері бопсалаушылар тобын ұстады. 9 қыркүйекте Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға белгісіз тұлғаларға қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Олар зорлық-зомбылық көрсету арқылы Талғар қаласының кәсіпкерінен ақша мен қымбат көлікті талап еткен.  width= Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы негізінде Талғар ауданының ПБ-да ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерінің қатысуымен Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ақшалай қаражат алу кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары – 20-23 жас аралығындағы бес азаматты ұстады.
«Кінәлі тұлғалар ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰО-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын облыстық департаменттің басшылығы бақылауға алды» делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.