Алматылық әйел күйеуінікі екен деп көршісінің көлігін талқандап тастаған
Алматылық әйел күйеуінікі екен деп көршісінің көлігін талқандап тастаған
756
оқылды
Алматы тұрғыны жаңа жыл түні тұрақта күйеуінің көлігін шатастырып, бөтеннің көлігін талқандап тастаған. Видеоға берілген сипаттамада Жаңа жылға бірер минут қалғанда күйеуімен ұрсысып қалған әйел есік алдына атып шығып, "оның Kia K5" ақ көлігін талқандай бастағаны, есікті майыстырып, терезені сындырып, нөмірді жұлып алғаны айтылады. Кейін белгілі болғандай, бұл оның күйеуінің емес, көршісінің көлігі болып шыққан. Ашулы әйел оны шатастырып алған. Таңертең талқаны шыққан көлігін көрген көршісі полицияға арыз жазады.
"Бұл факт тіркеуге алынған. Қазіргі уақытта оны жергілікті полиция қызметі қарастырып жатыр. Ары қарай ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін істің мән-жайы мұқият зерделенетін болады", – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.