Шымкентте қашып кеткен сарбаз бен оның сыбайластарынан 29 автомат пен 24 тапанша тәркілеген, – деп жазады Tengrinews.kz. «Бүгінде қылмыстық іс аясында басты күдікті ұсталды, сондай-ақ, оның екі сыбайласы ұсталды. Олардың бірі қаруларды алып шығуға көмектессе, екіншісі қаруларды сатпақшы болған. Осыған қатысы бар басқа да күдіктілерді анықтау мақсатында іздестіру шаралары жалғасып жатыр», – деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев. Тергеу әлі жалғасып жатыр.