Автобус апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды  
Автобус апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды  
Фото: zakon.kz
339
оқылды
Алматыда былтыр 8 қараша күні екі автобус соқтығысып, бір жолаушы қаза тапты. Осы жол апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Алматы қаласы мамандандырылған  ауданаралық тергеу сотында 4 қаңтарда сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. Сондай-ақ А.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 3 айға, яғни 9 ақпанға дейін ұзартты», – деп жазылған Алматы қалалық сотының ресми хабарламасында.
Бұған дейін соқтығысқан екі автобустың арасында қаза тапқан жолаушы туралы жазған болатынбыз.