Риддерде жылу электр орталығы өртенді

Риддерде жылу электр орталығы өртенді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығында өрт шықты. ШҚО әкімдігінің хабарлауынша, қазір Риддер қаласында жылу электр орталығындағы өрт сөндірілді.

«19 қаңтарда сағат 06.54-те «Риддер ЖЭО» АҚ отынмен қамтамасыз ету цехында өрт шыққан. Дәл осы сәтте тілсіз жау ауыздықталды. Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ. Жанармаймен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жұмысы басталды», – делінген әкімдіктің ресми ақпаратында.
Апаттың себебін мамандар анықтайды.