Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Фото: Samruk-Kazyna official Telegram арнасынан алынды
Қазақстан  Үкіметіңің қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов сайланды. Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар кеңесінде қалады. Бұған дейін Болат Жәмішев «Самұрық-Қазынаның» тәуелсіз директоры болып сайланған еді.