Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды

Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды

Атырауда жалпы білім беретін орта мектептің басшысынан туберкулез анықталды. Бұл туралы Атырау қаласының білім бөлімі облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 18 қантар күні шыққан анықтамасы негізінде хабарлады. Қазір  мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп басшысымен жұмыс барысында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өткізілетіні және мектепке тиісті санитарлық шаралар жүргізіліп жатқаны айтылды.