Қатын деп елдің көзінше айтуға бола ма?
Қатын деп елдің көзінше айтуға бола ма?
872
оқылды
Бұл сауалға белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы жауап берді. Дін маманына жамағаттың бірі "Қатын" деп елдің көзінше айтуға бола ма, болмай ма?" деп сауал жолдаған. Имамның пайымынша, бұлай атағаннан гөрі, "Жаным, махаббатым" деп атаған жөн.
"Духың болса, айтасың. Духың болмаса, қалай айтасың? Босқа бетің тырналып, шашың жұлынып қалады. Одан да "Жаным, күнім, махаббатым" айта бер. "Жаныыыым!" деп созып айтсаң, тіпті жақсы", – деп жауап берді Нұрлан Байжігітұлы.
Бұған тыңдармандар да өздерінің ойларын білдірген. "Негізі ертеректе жаман мағынада емес, жақсы мағынада қолданылған деп жатады ғой. Бірақ, бір жағымсыз, тұрпайы, оғаш сөз болып естіледі", "Қатын дей берсін, ештеңе жоқ, жаман сөз емес. Мен бай деймін, байым деймін. Әулием деймін көңіл күйім жақсы болса. Әркім өзі біледі ғой енді. Кейде ашуланса, жабайым деп қояды. "Дұрыстап айт, жұбайым де" деймін. Өзі күліп жібереді, мен де күліп жіберем сонымен ұрыс бітеді" деп жазды қолданушылар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Әр қазағым жалғызым 🇰🇿 (@shyndykz)