Екі өңірде дауылды ескерту жарияланды

Екі өңірде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қызылорда мен Түркістан облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.
Қызылорда облысының орталығында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.