Президент журналистерге қарсы бағытталған қылмысты мұқият тергеуді тапсырды
Президент журналистерге қарсы бағытталған қылмысты мұқият тергеуді тапсырды
Фото: akorda.kz
399
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша тергеуді мұқият жүргізуді тапсырдыБұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс», – деп жазды Руслан Желдібай.