Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 наурызына дейін ұзартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 20 қаңтардағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. 2023 жылдың 21 наурызына дейін қамауда отырады» делінген соттың ресми хабарламасында.
Айта кетейік, Қайрат Құдайберген ел арасында «Дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге Қаңтар оқиғасы кезінде тұрғындарды жинады деген күдікпен тергеліп жатыр.