Ресейде іздеуде жүрген әйел Қазақстанда ұсталды
Ресейде іздеуде жүрген әйел Қазақстанда ұсталды
Фото: polisia.kz
2,143
оқылды
Қазақстан шекарасында ресейлік құқық қорғаушылар іздеп жүрген әйел ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасы мен Шемонаиха ауданы ПБ-ның қызметкерлері ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, республиканың мемлекеттік шекарасынан өту кезінде Ресейдің 41 жастағы азаматын ұстаған. Ресейлік әйел былтыр қыркүйек айынан бері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. Оның 2021 жылдың қазан-қараша аралығында жалға алған тұрғын үйлерден үй иелерінің мүлкін ұрлағаны анықталған. Келтірілген залал мөлшері – 150 мың рубль. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінгі күні прокуратура органдарымен бірлесіп, оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.