Алматыда жас жігіт троллейбус жүргізушісін қағып өлтірді
Алматыда жас жігіт троллейбус жүргізушісін қағып өлтірді
382
оқылды
Алматыда 24 жастағы жігіт троллейбус жүргізушісін қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
"20 қаңтар күні сағат 07:10-да Кiа көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Ж. Шаляпин көшесімен батыс бағытта келе жатып, жол бойында келе жатқан троллейбус жүргізушісі К. есімді азаматты қағып кетті.  Жол апаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды" делінген ресми орган хабарламасында.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.