Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы жақсы – Юрий Пя
Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы жақсы – Юрий Пя
Фото: newsroom.kz
356
оқылды
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– «Емдеу процедурасы өткен жылы жоспарланған болатын. Пациенттің жұмысбастылығына байланысты процедураны ыңғайлы уақытта өткізу туралы шешім қабылдады. Таңдау бүгінге түсті. Айта кететін жайт, кез келген пациент кейбір медициналық ақпаратты жария етпеуге құқылы. Нұрсұлтан Назарбаев емдеу процедурасынан сәтті өтті. Пациенттің қазіргі жағдайы жақсы», – деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя елордада өткен брифингіде.
Сондай-ақ, спикер Нұрсұлтан Назарбаевқа ота жасалмағанын, нақтысы емдеу-диагностикалық процедурадан өткенін айтты. Оның айтуынша, аталған процедура 2,5 сағатқа созылды. Брифинг барысында айтылғандай, пациент 1-2 күнде үйге шығарылады. Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа ота жасалғаны туралы хабарланған еді.