Бокстан жастар арасында АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді
Бокстан жастар арасында АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді
Фото: gurk.kz
Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан жартылай финалға шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ересектер арасында әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 57 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Акмал Мухаммедпен жұдырықтасты. Бірінші раундта-ақ Махмуд қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде төреші тағы есеп ашқаннан кейін техникалық нокаут тіркелді. Сөйтіп Махмуд Сабырхан да жартылай финалға жолдама алды. Ол бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловтан айласын асырған еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшының жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.