Алматыда жас жігіт қызды өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады
Алматыда жас жігіт қызды өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
1,596
оқылды
Алматыда ер адам қызды өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, – деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Әлеуметтік желіде Розыбакиев даңғылында орналасқан сауда орталығының аумағында жас жігіт алдымен сүйіктісін өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған деген ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр.