Таразда базарда болған өрт кезінде құтқарушыны ток соқты
Таразда базарда болған өрт кезінде құтқарушыны ток соқты
фото: ҚР ТЖМ
600
оқылды
Бүгін Тараз қаласындағы базарда шыққан өртті сөндіру кезінде облыстық ТЖД қызметкері зардап шекті, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
«Ақсай сауда орнында шыққан өртті сөндіруге дайындалып жатқанда Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерін ғимарат маңында үзілген электр сымынан шыққан электр тогы соққан», – деп көрсетті ТЖМ.
Азаматтық қорғау кіші сержанты 1998 жылы туған Нұрболат Қонақбайдың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында болады.