Елордалық құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен ер адамды құтқарды

Елордалық құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен ер адамды құтқарды
Фото: ortcom.kz

Елордалық құтқарушылар бүгін сағат 15:08-да Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адамның құдыққа түсіп кеткені туралы келіп түскен хабарлама бойынша жолға шықты.

Шақырту орнына келіп жеткен елордалық ТЖД 3-МӨСБ өрт сөндірушілері және жедел құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның тереңдігі шамамен 5 метрді құрайтын құдыққа құлап кеткенін анықтады, деп хабарлайды \ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, бірлескен әрекеттермен құтқару арқанының көмегімен 1986 жылы туған ер адамды аман алып шықты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.