Талғат Сырымбетов Азия чемпионатын жүлдегері атанды
Талғат Сырымбетов Азия чемпионатын жүлдегері атанды
Фото: sports.kz
Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Бангкоктағы бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сырымбетов турнирдегі кездесуін ширек финалдан бастады. Оған тәжікстандық Абубакр Муродзода қарсы шықты. Бұл жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Үшінші раундта Сырымбетов нокдаун алды. Осылайша, Талғат Сырымбетов құрлық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетіп, өзіне кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.