Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. «Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 21 қаңтарда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыс орталығында жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстік, батыс және таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.