Театр теңізіндегі «Ақ кеме»

Театр теңізіндегі «Ақ кеме»

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры жаңа қойылымның тұ­сауын кесті. Ата тілегі мен бала арманы төңі­ре­гінде өрбіген жүректі елжіретер «Ақ кеме» спектаклі көрермен на­за­рына ұсынылды. Әйгілі жазушы Ш.Айтматовтың өзіндік қайғы мен мұңы, қуанышы мен үміті бар бұл туын­ды кімді болсын бейжай қал­дыр­майды. Қойылымды 26 қаңтар күні театр сахнасынан тамашалай ала­сыз. Сондай-ақ аталған театр 77 мау­сы­мында су жаңа «Дилфизо мен До­на­да» қойылымын ел назарына ұсын­ды. Бұл спектакль 27 қаңтар күні сахналанады. Ал М. Әуезов атындағы қазақ Ұлт­­тық драма театры биыл көрер­ме­ніне «Жан әке» (қазағым, қайда ба­расың?) драмасын тарту етті. Бұл қойылымның авторы – Флориан Зеллер. Қазақ тіліне аударған Ті­лек­тес Мейрамов болса, сахналық нұс­қасы Болат Әбділмановке тие­сілі. «Жан әке» көп қырлы спе­к­такль. Психологиялық тұрғыдан күр­делі қойылымда шын өмір мен бас кейіпкер қиялындағының ара­жігін ажырату оңай емес, интри­га­лар да жеткілікті. Әртүрлі жағ­дай­ларда ойналатын диалогтарда қа­ра­ма-қайшы көзқарастар шиеленісе түседі.

Айбике ЖАНАСЫЛ