Жас театрда жаңа қойылым

Жас театрда жаңа қойылым

21-22 қаңтарда Түркістан му­зыкалық драма театрында Н.Гогольдің «Шинель» шы­ғар­масы желісінде спектакльдің тұсаукесері өтеді. Қойылым­ның қоюшы режиссері – бір­неше халықаралық фес­ти­ва­ль­­дің жүлдегері Фархат Мол­дағали. Қойылым қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке негізделген. Басты кейіпкер Башмачкин өмірінің соңы­на дейін тіршілік үшін күре­седі. Оны кедейлік пен бір сарынды тіршілік шаршатады. Айналасын­дағылар қорлап, намысын таптап, мазақтайды. Ол еш қарсылық та­нытпастан бәріне көнеді. Алайда әлеуметтік деңгей мінез бен қабы­лет­ке байланысты екенін түсініп, кейінірек ес жияды. Одан бөлек, көрермен 26 қаңтар күні Р.Мұқанованың «Фариза» спектаклін тамашалай алады.

Айбике ЖАНАСЫЛ