Белгілі қонаевтанушы, мәдениет қайраткері Ораз Қауғабайдың «Таңжайып Қонаев» роман-эссесі жаңа тараулармен толықтырылып, қайта басылып шықты. Шымкент қаласындағы «Нұрдана LTD» баспасында жарық көрген кітаптың тұсаукесері Ақтөбе қаласындағы Д.Қонаев атындағы мектепте өтті. Тау тұлғаның өмірінің әр қилы кезеңінен сыр шертетін роман-эссенің авторының айтуынша, кітапқа жаңа тараулар оқырмандардың сұранысымен енгізілген екен.
– Халқына қалтқысыз қызмет еткен адамдарда жасаған ісімен де, айтқан сөзімен де мәңгілік жасай беретініне қолыңыздағы «Таңғажайып Қонаев» роман-эссесі айқын дәлел. Оған енген дүниелердің бәрі дерлік мерзімдік басылымдарда жарияланып, ел-жұрттан жақсы бағасын алған. Міне, сондықтан кітап жер-жердегі оқырмандардың ықылас-ниетіне орай жаңа тауарлармен толықтырылып, Д.Қонавтың 110 жылдық мерейтойына байланысты жарыққа шығып отыр, – дейді автор.Кітаптың тұсаукесері Ақтөбе қаласында өткенімен, туындымен алғашқылардың бірі болып, түркістандықтар танысты.