Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың талантты ұлы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов өмірден озды. Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы - Сырлыкүл. 20 жасында өмірден озған спортшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар. Шаршы алаңда шаршауды білмейтін ол – қамшының сабындай қысқа ғұмырында 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-де жеңіске жетті. Ол қазақтың бокс тарихындағы тұңғыш Олимпиада жеңімпазы, бар-жоғы 20 жасында Олимп шыңын бағындырған еді. [caption id="attachment_23711" align="alignnone" > ©Egemen.kz.[/caption] 2019 жылдың 5 шілдесі. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың олимпиада чемпионы (марқұм) Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен, Бекзаттың рөлін сомдаған актер Самат Әзімқұловпен кездесуі.