Екі қазақстандық сегіз сөмке алтынмен ұсталды
Екі қазақстандық сегіз сөмке алтынмен ұсталды
4,179
оқылды
Екі қазақстандық шекарадан сегіз сөмке зергерлік бұйым өткізбек болған. Оқиға 19 қаңтарда Жамбыл облысы "Қордай" көлік өткізу пунктінде болды. Екі қазақстандықтан шекарадағы тексеріс кезінде 275 келі зергерлік бұйымдар табылды. Ведомство мәліметінше, 19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы "Қордай" көлік өткізу пунктінде екі қазақстандықты зергерлік бұйымдардың ірі партиясын әкеле жатқан кезінде жолда тоқтатқан. Шекара бақылауы кезінде көлік салонынан салмағы 275 келі зергерлік бұйымдары бар 8 жол сөмке анықталған.