Азия чемпионатының ширек финалында боксшымыз қарсыласын 1 минутта нокдаунға жіберді
Азия чемпионатының ширек финалында боксшымыз қарсыласын 1 минутта нокдаунға жіберді
479
оқылды
Қазақстанның бокстан чемпионы Ерасыл Жақыпбеков Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында қырғыз спортшысымен қолғап түйістіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жақыпбеков қырғызстандық боксшы Бекбол Мұсабековпен жекпе-жек өткізді. Қазақстандық бірінші раундта-ақ жеңіске жетті. Бірінші раундта Мұратбековтың көзінің алды жырылып кетіп, оның ойынды жалғастыру мүмкіндігі шектелді. Төреші бұл жайтты нокдаун деп тіркеді, - деп хабарлайды Sports.kz. Осылайша, Ерасыл Жақыпбеков жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальдан үмітті болды. Жартылай финалда ол осы турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізетін Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевпен қолғап түйістіреді.