ШҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжол жабылды
ШҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжол жабылды
463
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызды жол ішінара жабылды, - деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
«Бүгін сағат 19.30- дан бастап «Омск-Майқапшағай» тасжолының 1 087-1 321 шақырымы, Боғас кентінен- Қытай шекарасына дейінгі аумақ барлық көлік түрлері үшін жабылды», – делінген хабарламада.
Облыстық ТЖД хабарламасына қарағанда, «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында да (Жоғары Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көлік қозғалысына тыйым салынды.