Соңғы айларда әлемдік технологиялық қызмет көрсету саласында ірі компаниялардың деректер қорына хакерлік шабуылдар көбейіп кетті. Мұның себебін сарапшы мамандар әртүрлі түсіндіреді. Тағы бір деректердің ұрлану оқиғасы америкалық нарықта болды. KFC, Pizza Hut және Taco Bell фаст-фуд желілерінің иесі Yum Brands компаниясы төлемдік бағдарлама шабуылы кезінде деректердің ұрланғанын растады. Yum Brands-қа әсер еткен оқиға туралы TechCrunch компаниясына сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_237209" align="aligncenter" width="1601"]
Yum Brands – қоғамдық тамақтану қызметін көрсететін америкалық корпорация. Fortune журналының мәліметі бойынша, АҚШ-тың 500 ірі компанияларының тізіміне кіреді. Корпорация танымал 3 әлемдік брендтің иесі – KFC, Pizza Hut және Taco Bell. Олардың 140 елде 48 мыңнан астам мейрамханасы жұмыс істейді: 98%-дан астамы франчайзинг түрінде жұмыс істейді.Осындай ірі корпорацияның төлемдік бағдарламасына шабуылы «ақпараттық технологиялар жүйесіне» әсер етіп, қызмет көрсету тізбегіндегі кейбір процестерді оффлайн режимге көшіруге мәжбүрлеген. Компанияның таратқан ақпаратына сәйкес, төтенше оқиға Ұлыбританиядағы 300 мейрамхананың 24 сағатқа жабылуына әкелген. [caption id="attachment_237210" align="aligncenter" width="1796"]
«Бұл оқиға уақытша үзіліс тудырғанымен, компания мейрамханаларының жұмысында үзілістер болмайды және бұл оқиға оның бизнесіне, қызметіне немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі жағымсыз әсер етеді деп күтпейді», – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.