Келіндері қуып жіберген - 74 жастағы қария теміржолда түнеп жүр
Келіндері қуып жіберген - 74 жастағы қария теміржолда түнеп жүр
1,142
оқылды
Аты-жөні - Жусанбай Оңғарбаев, Шу қаласының тұрғыны. 74 жастағы қарияны үйінен қуып шыққан. Ол 2 күннен бері теміржол төңірегіндегі шағын ғимаратта түнеп жүр. Қарт кісінің хәл-жайы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада оны келіндері үйден қуып шыққаны айтылады. Тіпті теміржол қызметкерлері өздерінің шағын ғимаратында 2 күннен бері түнетіп жүр екен.
"Келіндері қуып жіберген. Асқазаны ауырады. Тамақ ішпейді. Кім көмектесе алады? Қарттар үйіне баруға келісіп отыр. Сол жаққа орналастыруға қол ұшын созсаңыздар. Бала-шағасы бар, бірақ тастап кеткен", - дейді бейнежазба авторы.
Кейін қария өзін толық таныстырады. Айтуынша, 1949 жылы туылған. Аты-жөні – Жусанбай Оңғарбаев. Шу қаласының тұрғыны екен.
"Туысқандары, танып жатсаңыздар, көмектесіңіздер! Баласы Алматыда дейді, есімі – Оңғарбаев Айдын. Ештеңе жеген жоқ. Ұйықтайды, отырады", - деп аяқтады ол сөзін.
Бейнежазбаға жазылған пікір көп. Басым бөлігі әке-шешенің қадірін білмеген ұрпақты сынға алып жатыр. Тіпті арасында өз үйіне алуға ұсыныс қалдырғандар да бар.