Бұрқасын, жел, тұман. 23 қаңтарда 4 өңірде күн бұзылады
Бұрқасын, жел, тұман. 23 қаңтарда 4 өңірде күн бұзылады
1,288
оқылды
23 қаңтарда жаяу бұрқасынға, желге, тұманға байланысты Қазақстанның 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында күндіз жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.