ШҚО-да қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
ШҚО-да қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
ШҚО-да Зайсан ауданындағы Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде екі көлік қар құрсауында қалып қойды, онда 7 адам болған.
Құтқарушылар жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келіп, Дайыр ауылына 4 адам, Зайсан қаласына 3 адамды аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салды.
"Көлік қысқы жолға жабдықталмаса, қараңғы түскенде жолға шықпаңыз. Шығу қажет болса, тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыз. Автокөлік ауа райына сәйкес жабдықталуы керек. Бұл тек қысқы резеңкені ғана емес, сонымен қатар жүксалғышта күрек, кабель, фонарь, алғашқы көмек жинағын да алып жүру керек. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз" делінген ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.