Алматыда мылтықпен жүрген екі адам ұсталды
Алматыда мылтықпен жүрген екі адам ұсталды
495
оқылды
Алматының Медеу ауданында түнде екі адам мас күйінде ұсталды, олар көшеде шолақ мылтықпен жүрген.
102 пультіне Оспанов көшесі, 150 мекенжайындағы дүкеннің жанында екі жігіт жүргені және олардың біреуінің қолында қару бар екені жөнінде хабарлама түскен.
Оқиға орнына "Буран" бірнеше экипажы барып, мас күйінде жүрген екі жас жігітті анықтады. Біреуінің қолында оқталмаған қару болған. Ер кісілер ұсталды. Баллистикалық талдау жүргізу үшін кезекші топ пен криминалистер шақырылды. Сонымен қатар ұсталғандар үйінде әлі де қосұңғылы қару бар екенін мойындады. Ұсталғандар қаруды "әзіл" үшін алғанын және оларға "онымен серуендеген" қызығырақ болғанын айтты.