Түркияда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Түркияда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді
Фото: dimashali.com

Димаш Құдайбергеннің Stranger турнесі жалғасады. Әнші көктемде Түркияда Жерорта теңізінің жағалауында жеке концертін өткізеді. Бұл туралы Aikyn.kz dimash.news Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«DimashAli» шығармашылық орталығының мәліметінше, Димаш Құдайбергеннің жеке концерті биыл 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтеді.

Концертке билетті бүгін сағат 12.00-ден бастап https://www.dimashali.com сайтынан алуға болады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.