Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті
Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті
209
оқылды
22 қаңтарда сағат шамамен 18.00-де Павлодар - Қызылорда автожолының 1293-шақырымында үш көлік: ВАЗ 2110, Toyota Camry, Mercedes-Benz GL 450 қатысуымен жол апаты болды. ЖКО салдарынан 25 жастағы ВАЗ 2110 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тағы төрт адам зардап шекті. Олардың бірі кәмелетке толмаған адам. Әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Бірқатар сараптама  тағайындалды.