Универсиада – 2023: ел қоржынына тағы екі медаль түсті
Универсиада – 2023: ел қоржынына тағы екі медаль түсті
573
оқылды

Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан Универсиадада қазақстандықтар екі қола жүлдеге ие болды.

Хоккейден Дүниежүзілік Универсиада ойындарындағы қола жүлде үшін өткен кездесуде ұлттық құрама жігіттері Жапониямен кездесіп, 8:1 есебімен жеңіске жетті. Шаңғы жарысынан 15 шақырымдық масс-стартта сайысқа түскен Ксения Шалыгина қола жүлдені иеленді. Қазір ел қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлде бар