Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы 20 000 доллар пара алды деген күдікпен қамауға алынды
Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы 20 000 доллар пара алды деген күдікпен қамауға алынды
Фото: twitter.com/zakon_kz
347
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігінің департамент  басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы бейнеконференция байланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланбайды.