«Сөйле» қазақ тілінде тілдесу клубы ашылды
«Сөйле» қазақ тілінде тілдесу клубы ашылды

Еліміздің 12 өңірінде тегін қазақ тілі курсы ашылды. «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» тілдесу клубының жиынын өткізді. «Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев бір аптаға жетер-жетпес уақытта Жастар қанатына азаматтардан 3 мыңнан астам өтінім келіп түскенін атап өтті. «Сабақ аптасына бір рет өткізіледі. Ал біз бұл клубтардың жұмысын үйлестіреміз. Қазақ тілін меңгергісі келетін адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік беру қажет. «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасында жазылғандай, тіліміздің мәртебелі және қажетті қатынас құралына айналуына тікелей мүдделіміз. Тіл үйрену – тиімді әрі қолжетімді болуы керек. Мемлекеттік тіл қазақ қоғамын біріктіретін күшке айналуы тиіс», – деді ол. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тіл үйренушілерге жай ғана ынта танытқан мұғалімдер емес, жаңашыл әдістерді меңгерген мамандар сабақ береді.    width= Клуб отырысы «Жастар рухының» Астана, Алматы қалаларында және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы филиалдарында өтеді. Байланыс ақпараты: https://clck.ru/33LYi6  

Арман ОРЫНБАСАРҰЛЫ