Таиланд астанасында 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финал айқастары өтті, – деп хабарлайды Vesti.kz. Рингке бірінші болып 48 келіде өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай шықты. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Наттхапхонг Тхуамчароен болды. Санжар қарсыласын ұпай санымен жеңіп, финалға өтті. Санжар Тәшкенбай – жастар арасындағы әлем біріншілігінің (2021) және ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы (2022).