22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында екінші қазақстандық боксшы өнер көрсетті, – деп хабарлайды Vesti.kz. 54 келіде Нұрсұлтан Алтынбек қырғызстандық Ислам Торобаевтан анық басымдық көрсетті. Осылайша, Нұрсұлтан осының алдында жеңіске жеткен Санжар Тәшкенбай екеуі кемі күміс жүлдеге ілініп отыр.