Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-25.02.2020
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-25.02.2020
© сурет интернеттен алынды
199
оқылды
Сәрсенбіде ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр молынан жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. Түркістан қаласында күннің екінші жартысында нөсерлі жаңбыр жауып, күндіз желдің күші 25 м/с күшейетіні күтіледі. Шымкент қаласында күннің соңында қатты жаңбыр жауып, күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал. Қостанай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, 23-28 м/с артады. Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының орталығы - Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады. Орал қаласында тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 18 м/с жетуі ықтимал.